TGViewer
Channel ✦ Verified Channel
Almaty TV

Almaty TV

@tvalmaty

«Алматы» телеарнасының ресми Telegram парақшасы

Ресми сайт: https://almaty.tv
Instagram: https://www.instagram.com/almaty.tv/
YouTube: https://youtube.com/c/AlmatyUS
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.tv
Twitter: https://twitter.com/almaty_tv
Subscribers
3.96K
Photos
22.5K
Videos
4.6K
Links
12.2K
Recent Posts 19 shown
Post #42936 26
Алматының Медеу ауданында жеке секторды газдандыру және экологиялық мәселелер талқыланды

Алматы қаласының Медеу ауданында жеке сектор мен шағын және орта бизнес нысандарын газдандыру, сондай-ақ экологиялық жағдай мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС хабарлады.

Басты тақырып жеке үйлерді газдандыру болды. Газ тарату желілерін салу мен үйлерді газға қосу мәселесі талқыланды. Қатты отынмен жұмыс істейтін ШОБ нысандарына, әсіресе қоғамдық тамақтану орындары мен моншаларға, жеке тоқталды.

Одан бөлек, контейнер алаңдарының санитарлық жағдайы, рұқсатсыз қоқыс үйінділері және іргелес аумақтарды тазалау мәселелері қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты бөлімшелерге барлық бағыт бойынша жұмысты күшейтіп, анықталған экологиялық мәселелерді жоюға тапсырма берілді.
Post #42935 33
Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялау басталды: өңірлерге 2,1 млн доза жеткізіледі

💉 Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталды. Халықты тегін вакцинациялау үшін 2,1 млн доза вакцина сатып алынды. Оның алғашқы 564 мың дозасы елге жеткізіліп, өңірлерге кезең-кезеңімен жөнелтіле бастады.

Вакцина Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларына жеткізілді. Қалған өңірлерге вакцинаны жеткізу 5 қазанға дейін жоспарланған.

Вакцина жеткізілген медициналық ұйымдарда халықты иммундау жұмыстары басталды.

Вакцинациялау науқанын өткізу үшін ресейлік өндірістің «Гриппол®️» вакцинасы сатып алынды. Оның штамдық құрамы алдағы эпидемиялық маусымға арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді.
Post #42934 20
Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Азия ойындарында тарихи қола жүлде иеленді

Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Жапонияның Айти мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстанның Азия ойындарындағы спорттық құзға өрмелеуден жеңіп алған алғашқы медалі.

Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

19 жастағы спортшы Қазақстан құрамасы сапында «жылдамдық» сыны бойынша өнер көрсетті. Іріктеу кезеңінде қашықтықты 4,76 секундта бағындырып, төртінші нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар ол Қазақстан рекордын жаңартып, жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алды.

Финалда Дамир Тоқтаров үшінші орын алып, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Дамир Тоқтаров Алматы қаласының атынан сынға түседі. Бұған дейін ол халықаралық додаларда Қазақстан намысын қорғап, жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған. Атап айтқанда, 2024 жылы спортшы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Post #42933 20
Төрехан Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды!

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жектің алғашқы раундында төрешілердің барлығы жеңісті Төреханға берді. Екінші раундта да қазақстандық боксшы қарсыласынан басым түсті. Бұған қоса, иорданиялық спортшыдан бір ұпай шегерілді. Нәтижесінде Төрехан Сабырхан басымдығын сақтап, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Төрехан Сабырхан 2026 жылдың сәуірінде Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының финалындағы жеңілісінің қарымтасын қайтарды. Сол кезде де ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші кездесуінде Зеяд Ишаишпен кездесіп, қарсыласына есе жіберген еді. Нәтижесінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.
Post #42931 29
Алматының қуыршақ театры республикалық фестивальде үздік атанды

2026 жылы 25-30 қыркүйек аралығында Павлодарда өткен «Ертіс-Баян» II республикалық театрлар фестивалінде Алматы қаласының Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры қазылар алқасының шешімімен «Үздік ансамбль» номинациясының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.

Еліміздің түрлі өңірлерінен, атап айтқанда Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды және Павлодар қалаларынан 11 таңдаулы театр ұжымы қатысқан өнер додасында қуыршақ театры әйгілі жазушы Николай Гогольдің белгілі шығармасы негізінде сахналанған «Шекпен» спектаклін ұсынып, көрермендер мен театр саласы мамандарының ыстық ықыласына бөленді.

Фестиваль Павлодар тұрғындарына қазақстандық театр өнерінің үздік туындыларымен танысуға мүмкіндік беріп, театр ұжымдары арасындағы шығармашылық байланысты нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға жол ашты.
Post #42930 37
Генеральный Прокурор Казахстана принял участие в 24-м заседании генеральных прокуроров государств-членов ШОС в городе Казань
 
Сегодня в Казани Генеральный Прокурор Республики Казахстан Берик Асылов принял участие в 24-м заседании генеральных прокуроров государств-членов Шанхайской организации сотрудничества.

В мероприятии приняли участие руководители прокуратур государств-членов ШОС – Беларуси, Индии, Ирана, Китая, Кыргызстана, Пакистана, России, Таджикистана и Узбекистана, а также стран-наблюдателей и партнёров ШОС по диалогу – Азербайджана, Лаоса, Мальдив, Монголии, Мьянмы, Непала, Саудовской Аравии, Турции и Шри-Ланки.

В своей приветственной речи Генеральный секретарь ШОС Нурлан Ермекбаев отметил важную роль совместной работы генеральных прокуратур государств-членов в обеспечении региональной безопасности и призвал к дальнейшей консолидации усилий в противодействии общим вызовам и угрозам.
Post #42929 44
Алматыда заңсыз нысандармен күрес жалғасып жатыр: дүкен бұзылды

Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, заңсыз нысан Розыбакиев көшесі, 292 мекенжайында орналасқан.

Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсатсыз тұрғын үйге қосалқы нысан салып, оны дүкен және дөңгелек жөндеу орны ретінде пайдаланғаны анықталды.

Басқарма өкілдері меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылдағаннан кейін материалдар Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Сот заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы шешім шығарды.
Сот шешімін орындау аясында нысанды меншік иесі өз күшімен бұзды.
Post #42928 47
Цифровые технологии усиливают контроль за безопасностью дорожного движения в Алматы

Полиция призывает соблюдать установленную скорость, пользоваться ремнями безопасности, не использовать телефоны за рулем и строго соблюдать требования ПДД
Post #42927 49
Курс валют на 2 октября 2026 года

USD / KZT – 441.91 (Доллар США)
EUR / KZT – 499.05 (Евро)
TRY / KZT – 8.99 (Турецкая лира)
KGS / KZT – 5.05 (Кыргызский сом)
AED / KZT – 120.33 (Дирхам ОАЭ)
GBP / KZT – 584.38 (Фунт стерлингов)
CNY / KZT – 65.91 (Китайский юань)
RUB / KZT – 5.30 (Российский рубль)
UAH / KZT – 9.84 (Украинская гривна)
Post #42926 59
🌦️ 2 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, жауын-шашын жауады

Еліміздің солтүстігі, батысы мен орталығында жаңбыр жауып, арты қарға ұласады.

Астанада – құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +18...+20°C.

Алматыда – құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 5–10 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.
Post #42925 61
Қарағанды облысында 40 миллиард теңгенің мефедронын өндірген ірі есірткі зертханасы жойылды

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, мефедрон өндірумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың ірі есірткі зертханасының қызметін тоқтатты. Арнайы операция барысында 48 және 28 жастағы екі күдікті ұсталып, қамауға алынды. Зертхананы тінту кезінде 50 тонналық өнеркәсіптік цистерна, 16 тонна пайдаланылған сұйықтық және арнайы құралдар тәркіленді. Сарапшылардың есебінше, дайын мефедронның ықтимал көлемі 2 тоннаға (2 миллион бір реттік доза) жетіп, оның заңсыз нарықтағы бағасы 40 миллиард теңгені құрауы мүмкін еді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Post #42924 51
Ақтөбеде орман белдеуіне заңсыз қоқыс төккен жүргізуші жауапқа тартылды

Ақтөбе қаласы аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері орман белдеуіне көлемді қоқыс төккен Газель автокөлігін анықтады. "Таза Қазақстан" бастамасы аясында өткізілген шарада 29 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Заңсыз төгілген қоқыс толықтай тазартылды.
Post #42923 47
Қызылордада мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Қызылорда қаласында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы мас күйінде көлік тізгіндеген азамат анықталды. Ақпарат дереу патрульдік полиция экипажына беріліп, 29 жастағы қала тұрғыны Аслан Гичиевтің басқаруындағы автокөлік тоқтатылды. Тексеру барысында оның алкогольдік масаң күйде болғаны расталды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды, ал автокөлік айып тұрағына қойылды.
Post #42922 41
Семейде мас күйінде көлік жүргізген тұрғын 15 тәулікке қамалып, құқығынан айырылды

Семей қаласының Республика көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері түнгі сағат 23:42-де ВАЗ-2109 автокөлігін тоқтатты. Тексеру және медициналық куәландыру нәтижесінде 44 жастағы жүргізуші Әділет Тылекеновтің көлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны расталды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыға 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылып, ол 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.
Post #42921 39
Қазақстанда үш күнде 11 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жол ережесін бұзудың алдын алу мақсатында жалған, жасырылған және оқылмайтын мемлекеттік нөмірлерді пайдалану фактілеріне қарсы рейдтік жұмыстар жүргізді. Соңғы үш тәулік ішінде ел бойынша 11 мыңға жуық заң бұзушылық тіркелді: 1 300 көлік оқылмайтын нөмірмен, 600-і нөмірсіз, ал 150-і жалған нөмірмен қатынаған. Атап айтқанда, Қостанай облысында жалған нөмірлі екі автобус, Астанада іздеуде тұрған автокөлік, ал Павлодар облысында нөмірсіз жүрген тәртіп бұзушы тоқтатылды. Рейд аясында 1 100 көлік арнайы тұраққа қойылып, 800-ден астам нөмірлік белгі тәркіленді.
Post #42920 37
Астанада "ақылды" өткелдер мен автоматты бақылау кешендері іске қосылды

Астана қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Қала жолдарында "Сергек" жүйесімен қатар, ереже бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін интеллектуалды аппараттық-бағдаршамдық кешендер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыратын "ақылды" өткелдер орнатылуда. Бұл шаралар жолдағы апаттардың алдын алуға және барлық жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін күшейтуге мүмкіндік береді.
Post #42919 34
Алматыда жол қауіпсіздігін арттыру үшін цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде

Алматы қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында заманауи интеллектуалды бақылау жүйелері белсенді қолданылуда. Қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, бұл кешендер жылдамдықты асыру, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту, жол таңбаларын бұзу және жаяу жүргіншілерге жол бермеу сияқты заң бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде тіркеп, Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізіліміне жібереді. Цифрлық технологиялар адами факторды жойып, жүргізушілер арасында жол ережесін тұрақты сақтау дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Post #42918 28
Петропавлда дәріханадан рецептсіз дәрі сатқан факті анықталды

Петропавл қаласында полицейлер күшті әсер ететін "Прегабалин" препаратын рецептсіз сатып алған жүзу жаттықтырушысын ұстады. Аталған дәрінің заңсыз сатылуына байланысты дәріхана фармацевтіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, мекемеден тек рецептпен берілетін барлық препараттар тәркіленді. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қатысты 5 факті тіркелген.
Post #42917 29
Батыс Қазақстан облысында полицейлер үндістандық блогерге көмектесті

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының патрульдік полиция инспекторлары Қайрат Тасмұхамбетов пен Марат Құрманов жол бойында жаяу келе жатқан Үндістан азаматы, саяхатшы-блогер Дакшья Сингхке (Dakshya Singh) қолдау көрсетті. Ресей шекарасына қарай бағыт алған шетелдік мейманға полицейлер көлік ұйымдастырып берген. Саяхатшы өз әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, қазақстандық тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.
Older posts →

About this channel

How can I read @tvalmaty without a Telegram account?
TGViewer shows the public web preview Telegram publishes for Almaty TV: recent posts, photos, videos and the subscriber count, with no app, login or account.
How many subscribers does Almaty TV have?
Almaty TV (@tvalmaty) has 3.96K subscribers on Telegram, refreshed roughly every 30 minutes.
Does Almaty TV know I viewed it here?
No. Public channel previews carry no viewer identity, and TGViewer has no accounts or tracking of what you look up.
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →