TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.96K subscribers
Post #42934 30
Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Азия ойындарында тарихи қола жүлде иеленді

Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Жапонияның Айти мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстанның Азия ойындарындағы спорттық құзға өрмелеуден жеңіп алған алғашқы медалі.

Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

19 жастағы спортшы Қазақстан құрамасы сапында «жылдамдық» сыны бойынша өнер көрсетті. Іріктеу кезеңінде қашықтықты 4,76 секундта бағындырып, төртінші нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар ол Қазақстан рекордын жаңартып, жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алды.

Финалда Дамир Тоқтаров үшінші орын алып, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Дамир Тоқтаров Алматы қаласының атынан сынға түседі. Бұған дейін ол халықаралық додаларда Қазақстан намысын қорғап, жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған. Атап айтқанда, 2024 жылы спортшы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
More from @tvalmaty
  1. Oct 2, 2026🥉🥉 Теннистен ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 2-жүлде түсті Әйелдер арасынд…
  2. Oct 2, 2026Алматының Бостандық ауданында Байсейітова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша…
  3. Oct 2, 2026🇩🇰Дания сыртқы саясат ведомствосының басшысы алдағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы…
  4. Oct 2, 2026🇰🇿🇩🇰Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады ✔…
  5. Oct 2, 2026Алматыда бамбук тоғайы пайда болады Алматының Бостандық ауданында саябақтарды, жағалаулард…
  6. Oct 2, 2026Алматының Медеу ауданында жеке секторды газдандыру және экологиялық мәселелер талқыланды А…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →