TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.96K subscribers
Post #42938 28
🇰🇿🇩🇰Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады
 
✔️Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенмен кездесті.
 
✔️Мемлекет басшысы Данияны Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропалық одақтағы сенімді серіктесі деп атады. Келесі жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады.
 
– Біз Данияны Еуропаның беделді және ықпалды мемлекеті және сенімді серіктес ретінде қарастырамыз. Екіжақты ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Аталған мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін тараптар осы бағытта белсенді әрі мақсатты түрде жұмыс істеуі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
✔️Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытудың оң динамикасы атап өтілді.

✔️Бұл ретте, Президенттің айтуынша, өзара ықпалдастықты тереңдету мүмкіндігі жеткілікті.
 
✔️Мемлекет басшысы Carlsberg компаниясының Алматы облысында маңдайалды инвестициялық жобаны қолға алғанын құптап, кәсіпорынның Қазақстанда тамақ өнеркәсібін ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 2, 2026Президент Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Ли Кай-Фуды қабылда…
  2. Oct 2, 2026Новая Конституция Казахстана: что изменилось для граждан Новая Конституция, принятая на ре…
  3. Oct 2, 2026Алматыда Алатау даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі Алматыда Төле б…
  4. Oct 2, 2026Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі Алматыда LRT жобасын і…
  5. Oct 2, 2026Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі Алматыда LR…
  6. Oct 2, 2026В Алматы на одну ночь ограничат движение на участке улицы Момышулы В Алматы в рамках реали…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →