Президент Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Ли Кай-Фуды қабылдады
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кай-Фу сарапшы ретінде Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияны дамыту бағытындағы ұстанымдарын қалыптастыруға зор үлес қосқанын атап өтті.
✔️Мемлекет басшысы Үкімет Ли Кай-Фудың ұсынымдарына және озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жобасын іске асыруға кіріскенін айтты.
✔️Ли Кай-Фу шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу жобаларының негізгі параметрлері жөнінде мәлімдеді.
✔️Пилоттық жоба бірінші кезеңде биыл қыркүйектен бастап, 10 мектепте жүзеге асырылады. 2027 жылдың қаңтарынан бастап оны 60 мектепке, ал сәуірде 500 мектепке енгізу жоспарланып отыр.
✔️Президент жобаны іске асыруда оның ауқымын кеңейту және білім сапасын арттыратын нақты нәтижеге қол жеткізу маңызды екеніне тоқталды.
✔️Жасанды интеллектінің игілігін қаланың да, ауылдың да тұрғындары теңдей көруі қажет екеніне баса мән берілді.
✔️Бұл ретте Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні кәсіпкерлікті дамытудың бір тетігі ретінде пайдалану перспективасына назар аударды.
✔️Кездесуде Мемлекет басшысына жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы бірқатар бастама таныстырылды.
t.me/aqorda_resmi
Post #42963
41
