TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.96K subscribers
Post #42964 49
Алматының Бостандық ауданын көркейтуге 3 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды

Алматының Бостандық ауданында «Игілік Бостандық» жобасы аясында жалпы құны 3 млрд теңгеден асатын 26 көркейту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қаражат қала бюджетінен бөлінбей, бизнес өкілдерінен тартылған. Бұл туралы Бостандық ауданы әкімдігінің өкілдері айтты.

Қазіргі таңда жалпы құны 792,3 млн теңге болатын 11 жоба аяқталды. Құны шамамен 2 млрд теңге болатын тағы 13 нысанда жұмыстар аяқталуға жақын.

Аяқталған жобалардың қатарында әл-Фараби даңғылындағы бес жерүсті жүргінші өткелін жөндеу, Розыбакиев көшесіндегі тұрғын үйдің қасбетін жаңарту, Дулати көшесіндегі скверді көркейту, Абай және әл-Фараби даңғылдарын көгалдандыру, ірі жолайырықтарына жаңа жарықтандыру бағаналарын орнату бар.

Сондай-ақ тұрғын үйлердің шатыры жөнделіп, жүргіншілерге арналған аумақтар көркейтілді және «Шапағат» орталығының жанынан инклюзивті алаң салынды.

Жалпы Бостандық ауданына 34,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның ішінде 3 млрд теңгеден астам қаражат аудан әкімдігі тарапынан «Игілік Бостандық» жобаларын іске асыруға тартылған.
More from @tvalmaty
  1. Oct 2, 2026Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына…
  2. Oct 2, 2026Президент Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Ли Кай-Фуды қабылда…
  3. Oct 2, 2026Новая Конституция Казахстана: что изменилось для граждан Новая Конституция, принятая на ре…
  4. Oct 2, 2026Алматыда Алатау даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі Алматыда Төле б…
  5. Oct 2, 2026Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі Алматыда LRT жобасын і…
  6. Oct 2, 2026Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі Алматыда LR…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →