Алматыда Алатау даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмыстары аясында Алатау даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Атап айтқанда, 3 және 4 қазан күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін Төле би көшесімен қиылыста автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі. Жұмыс жүргізілетін аумақта көлік қозғалысы кезекпен ұйымдастырылады.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Post #42959
46
