TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.95K subscribers
Post #42965 83
Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты
 
🔹Мемлекет басшысы Astana AI Film Festival жасанды интеллект қолданған фильмдердің бірінші халықаралық байқауында сөз сөйлеп, аталған фестивальдің ерекшелігін атап өтті.
 
– «Astana AI Film Festival» – ізденімпаз, білімпаз, жаңашыл, жасампаз азаматтар сынға түсетін, бұрын-соңды болмаған бірегей жоба. Бұл – ұшқыр ой мен тың бастамалардың бәсекесі. Қазіргі заман – білім мен ғылымның және озық инновацияның дәуірі. Жасанды интеллект әлем экономикасының барлық саласына түбегейлі өзгерістер әкелуде. Бір сөзбен, технологиялық ілгерілеу, яғни прогресс жаппай жаһандық сипатқа ие болды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
🔹Мемлекет басшысының айтуынша, осы бірегей жоба – еліміздегі креативті индустрия саласының қарқынды дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан бұл бағытта біртұтас экожүйе құру үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Сонымен қатар дарынды азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіледі.
 
🔹Президент жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолданудың өзектілігіне тоқталды.
 
– Технология бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып жатқан тұста саясаткерлер, ғалымдар мен сала көшбасшылары жасанды интеллект мүмкіндіктерінің және оны бақылаусыз қолданудың қатері арта түскеніне алаңдаулы. Бір анығы, бұл үдерісті тоқтату мүмкін емес. Менің ойымша, оған ешкімнің таласы жоқ. Адамзат тарихында Прометей алауы өркендеудің нышаны болумен қатар дүлей күш ретінде де қарастырылды. Ядролық энергетикаға қатысты да осы мысалды келтіруге болады. Сондықтан ең әуелі қауіпсіздікке баса назар аударып, жасанды интеллектіні дамыту мен жауапкершілікпен қолдану ережесін әзірлегеніміз жөн. Бұл өскелең ұрпақтың алаңсыз келешегі үшін қажет. Болашақ технологиясының зор шығармашылық әлеуетін игілікке жарату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бүгінгі фестивальдің басты идеясы да осы, – деді ол.


t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 3, 2026«Алматы Су» сумен жабдықтау жүйесінің басқа компанияға берілгені туралы ақпаратты жоққа шы…
  2. Oct 3, 2026🔹IT Aiel және Aqyl Tech жобалары аясында 33 мыңнан астам адам білім алды AI & Digital Bri…
  3. Oct 3, 2026Қазақстандық гимнастар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды! 🥉🇰🇿 Финалда қазақстандық…
  4. Oct 3, 2026Алматыда жыл басынан бері 238 орында 23 сенбілік өтті Алматыда «Таза Қазақстан» республика…
  5. Oct 3, 2026✉️Мемлекет басшысы Германия бірлігі күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇩🇪Қасым…
  6. Oct 3, 2026✍️Мемлекет басшысының өкімдерімен: Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғ…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →