🔹IT Aiel және Aqyl Tech жобалары аясында 33 мыңнан астам адам білім алды
AI & Digital Bridge 2026 алаңында «IT Aiel» және «Aqyl Tech» білім беру жобаларының нәтижелері жарияланды. Екі жоба бойынша 33 мыңнан астам адам цифрлық технологиялар мен қаржылық сауатты меңгеріп, технология саласындағы білімін жетілдірді.
Жобалар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында іске асырылып келеді. Оларды Astana Hub-пен әріптестікте TechnoWomen коммерциялық емес ұйымы ұйымдастырады.
Жоба цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерлік бағыттарын қамтиды. Бастама өңірлер мен ауылдық елді мекендердің тұрғындарын да қамтиды.
2025-2026 жылдары «IT Aiel» жобасы бойынша 9 600-ден астам адам білім алды. 2025 жылы 4 мыңнан астам адам оқыса, биыл 5 646 адам оқудан өтті. Биылғы қатысушылардың 1 533-і жұмысқа орналасып, сондай-ақ фриланс арқылы табыс таба бастады.
Post #42997
46
