Ақтауда бопсалау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды
Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ЖҚАЖ жауынгерлерімен және ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Ақтау қаласында ақша бопсалау дерегінің жолын кесті. Күдікті күш қолданып және қорқыту арқылы жергілікті тұрғыннан оның беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпау үшін 300 мың теңге талап еткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ол талап етілген ақшаның бір бөлігін алғаннан кейін ұсталды. Жеке тінту кезінде одан арнайы белгі салынған ақша тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Post #43003
51