🌨️ 5 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда қар, көктайғақ және боран күтіледі
Еліміздің солтүстігі мен орталығында қар жауып, кей жерлерде көктайғақ пен бұрқасын болады. Батыс өңірлерде жел күшейіп, екпіні 30 м/с-қа дейін жетеді.
Астанада – бұлтты, жаңбыр, қар жауады. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +3...+5°C.
Алматыда – бұлтты, жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Жел 3–8 м/с, кей уақыттарда екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +12...+14°C.
Post #43018
52