Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі
Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметтері күшейтілген кезекшілік режиміне көшеді. 5 қазанға қараған түні қалада қатты жауын-шашын болжануына байланысты жедел әрекет ету үшін мобильді бригадалар, арнайы техника мен мотопомпалар дайындалды.
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 4 қазанда сағат 21:00-ден кейін аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Түн ортасынан кейін жауын-шашын күшейіп, түнде кей уақытта 15-20 мм-ге дейін қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Таңертең жауын-шашын бәсеңдеп, болжам бойынша 5 қазанда сағат 12:00-ге дейін тоқтайды. Сондай-ақ солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Post #43016
136


- 😍 2