TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.95K subscribers
Post #43043 62
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
 
✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігіне қатысты жоспардан тыс жүргізіліп жатқан аудит туралы есеп берілді.
 
✔️Ауқымды тексеріс 50 нысанды, соның ішінде 48 әскери бөлімді қамтиды. Осы мақсатта мемлекеттік аудит жүйесінің жетекші мамандарынан, сондай-ақ IT және байланыс саласы сарапшыларынан арнайы топ жасақталды.
 
✔️Аудит аясында Қарулы күштер қызметінің барлық негізгі бағытындағы ахуалға баға беріледі.

✔️Атап айтқанда, әскери бөлімшелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, жеке құрамның даярлығы, әскери оқу-жаттығу жиындарының өткізілуі, әскери инфрақұрылымның дамуы, қару-жарақ пен техниканың жаңғыруы, цифрлық жүйелердің ақаусыз жұмыс істеуі түгел тексерілмек.
 
✔️Президентке мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырысына жүргізілген аудиттің нәтижелері таныстырылды.

✔️Жоғары аудиторлық палата тексеріс қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Үкіметке және салалық мемлекеттік органдарға 57 нақты ұсыным мен тапсырма жолдады.
 
✔️Сонымен қатар Мемлекет басшысына экономикалық даму мен әлеуметтік саланың басым бағыттарын қамтитын жоспарлы аудиторлық тексерістің барысы баяндалды.
 
✔️Бұдан бөлек, Әлихан Смайылов Астанада өткен Азия жоғары аудит органдары ұйымы Басқарма кеңесінің 63-отырысының қорытындысы туралы айтты. Жиынға 19 елдің өкілі қатысқан. Мұндай форматтағы іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.
 
🔹Кездесу соңында Президент Қорғаныс министрлігінде аудит жүргізуге және тұтас мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 6, 2026🌨️ 5 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда қар, көктайғақ және боран күтіледі Ел…
  2. Oct 6, 2026Астанада мас күйінде көлік басқарған екі жүргізуші 7 жылға куәлігінен айырылды Астана қала…
  3. Oct 6, 2026Өскеменде "Таза Қазақстан" акциясы аясында қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды Өс…
  4. Oct 6, 2026Қарағандыда студенттерге жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ әйел ұсталды Қарағанды қаласынд…
  5. Oct 5, 2026Ұлытау облысында алаяқтарға сенген зейнеткер 7 миллион теңгесін сақтап қалды Ұлытау облысы…
  6. Oct 5, 2026Ұлытау облысында заңсыз айналымнан 388 келіден астам есірткі тәркіленді Ұлытау облысында ж…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →