Ұлытау облысында алаяқтарға сенген зейнеткер 7 миллион теңгесін сақтап қалды
Ұлытау облысында банк қызметкерлері мен полицияның қырағылығы арқасында жергілікті зейнеткер 7 миллион теңге ақшасынан айырылып қалудан аман қалды. Өздерін түрлі ұйым өкілдері ретінде таныстырған алаяқтар кейуананы домофон ауыстыру және "қылмыскерлерді әшкерелеу" баханасымен жинаған қаражатын "қауіпсіз шотқа" аударуға көндірген. Банкке келген әйелдің күмәнді әрекетін байқаған банк қызметкерлері шұғыл түрде полицияға хабар беріп, алаяқтық схеманың жолын кесті. Тәртіп сақшылары тұрғындарды бейтаныс адамдардың нұсқауымен ақша аудармауға және жеке мәліметтерді ешкімге хабарламауға шақырады.
Post #43063
45