TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.95K subscribers
Post #43093 57
Алматыда үш жаңа емхана салынады

Жыл соңына дейін Алматыда үш жаңа емхананың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Олар Шұғыла және Алтай-1 шағынаудандарында, сондай-ақ Әйтеке би көшесінде орналасады. Әр емхана бір ауысымда 500 адамға дейін қабылдай алады.

Шұғыла шағынауданындағы аумағы 12 мың шаршы метрден асатын емханада ересектер және балалар бөлімшелері, әйелдер консультациясы, зертхана, медициналық оңалту бөлімі, күндізгі стационар және амбулаториялық хирургия орталығы болады.

Әйтеке би көшесіндегі аумағы 8 мың шаршы метрден асатын емхана шамамен 30 мың тіркелген тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда терапия және педиатрия бөлімшелері, әйелдер консультациясы, күндізгі стационар және бейінді мамандардың кабинеттері жұмыс істейді.

Алтай-1 шағынауданында аумағы шамамен 10 мың шаршы метр болатын емхана салынып жатыр. Мұнда Отбасылық денсаулық орталығы, Жастар денсаулық орталығы, профилактика бөлімі және күндізгі стационар орналасады.

Үш емханада да келушілерге ыңғайлы болу үшін жеке кіреберістер мен қозғалыс бағыттары қарастырылған. Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін де қажетті жағдай жасалады
More from @tvalmaty
  1. Oct 6, 2026Шығыс Қазақстан облысында асфальтқа әдепсіз сурет салған жас жігітке айыппұл салынды Шығыс…
  2. Oct 6, 2026Астана вокзалында заңсыз еңбек еткен шетел азаматтары елден шығарылды Астана станциясының…
  3. Oct 6, 2026Алматыда «Таза қала» акциясы аясында 32 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды Алматы қала…
  4. Oct 6, 2026Оралда көлік жүргізу құқығынан айырылған тұрғын есірткіге масаң күйде ұсталды Орал қаласын…
  5. Oct 6, 2026Шу қаласында тұрғынның ауласынан 10 келіден астам гашиш тәркіленді Жамбыл облысы Шу қаласы…
  6. Oct 6, 2026Батыс Қазақстан облысында жайылымнан алты жылқы ұрлағандар ұсталды Батыс Қазақстан облысын…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →