Оралда көлік жүргізу құқығынан айырылған тұрғын есірткіге масаң күйде ұсталды
Орал қаласында түнгі сағат 02:45 шамасында полиция қызметкерлері Lada Largus автокөлігін тоқтатты. Көлікті басқарған 30 жастағы жергілікті тұрғынның медициналық куәландыру нәтижесінде есірткіге масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар азаматтың бұған дейін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және мас күйде көлік тізгіндемей, өзгенің де, өзінің де өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.
Post #43104
39