Түркістан облысында нөмір орнына лақап атын жазып алған жүргізуші ұсталды
Шымкент – Самара автожолында орнатылған автоматты бейнекамералар мемлекеттік тіркеу нөмірінің орнына «Шако» деген лақап атын тағып алған KIA автокөлігін тіркеді. Түркістан облысының патрульдік полицейлері қозғалыс бағытын анықтап, Шымкенттен Түркістанға қарай бара жатқан 32 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Ереже бұзған азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлігі айыптұраққа қойылды.
Post #43112
58