Астанада 3 келіден астам мефедрон тасымалдаған күдіктілер ұсталды
Астана қаласында есірткі заттарын таратуға әрекет жасаған 20 жастағы ер адам мен 18 жастағы бойжеткен құрықталды. Елордаға кіреберістегі бекеттердің бірінде тоқтатылған KIA автокөлігін тінту барысында 2 келі мефедрон, ал күдіктілер тұрған пәтерден тағы 1 келіге жуық есірткі заты мен оны орауға арналған құралдар тәркіленді. Жалпы салмағы 3 келіден асатын заттай дәлелдемелер алынып, екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Post #43162
59