Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады
Алматыда технологиялық бизнеске, бағдарламалық өнім әзірлеушілерге, стартаптар мен зерттеушілерге арналған жаңа инфрақұрылым қалыптасып жатыр. Қалада Almaty AI Hub және Almaty AI Park атты екі ірі жоба жүзеге асырылуда.
Екі нысан да білім беру, ғылыми зерттеулер, стартаптарды дамыту, технологиялық компаниялардың қызметі мен салалық іс-шараларды өткізуді біртұтас экожүйеге біріктіруге бағытталған.
Көктем-3 шағынауданында Almaty AI Hub орталығы құрылып жатыр. Ауданы 9,4 мың шаршы метрден асатын ғимарат қайта жаңғыртылып, 556 жұмыс орны бар көпфункционалды орталыққа айналады. Мұнда IT және жасанды интеллект компанияларына, стартаптар мен әзірлеушілерге арналған кеңістіктер, білім беру алаңдары, коворкингтер, кеңселер, конференц-залдар мен іс-шаралар өткізу аймақтары орналасады.
Хаб құрамына жасанды интеллект мектебі мен AI Campus инфрақұрылымы да кіреді. Сондай-ақ робототехника экожүйесін құру көзделген.
Post #43188
75
