Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады
Астанада Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал жөніндегі баяндамасын тыңдады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша елде қылмыс деңгейі 15 пайызға төмендеп, 11 мыңнан астам қылмысқа азайған. Сондай-ақ заманауи ДНҚ зерттеулерінің арқасында өткен жылдары жасалған 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылды. Интернет-алаяқтық бойынша 6,5 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылып, 187 миллион алаяқтық қоңырау бұғатталған. Президент кездесу соңында қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Post #43244
11