TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.93K subscribers
Post #43241 29
Солтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыптылар алаяқтарға сеніп, 10 миллион теңгесінен айырылып қалды

Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық аудандарының бірінде ерлі-зайыптылар интернет-алаяқтардың арбауына түсіп, 10 миллион теңге шығынға ұшырады. Оқиға 60 жастағы ауыл тұрғынының Instagram желісінен банк тарапынан берілетін төлемдер туралы жалған жарнаманы көруінен бастау алған. Өтінім қалдырғаннан кейін оған өзін «Goldmans Group» брокерлік компаниясының маманы ретінде таныстырған белгісіз тұлға хабарласып, инвестиция арқылы табыс табуды ұсынған. Алаяқтардың сөзіне сенген әйел арнайы шот ашып, алғашқы ақшасын аударған. Кейін жалған «аналитиктің» нұсқауымен бұл схемаға күйеуін де қатыстырып, барлық жиған-тергенін жұмсаған, сондай-ақ бірнеше банктен несие рәсімдеген. Полиция қызметкерлері алаяқтық схемаға дроппер ретінде қатысқан бірқатар адамдарды анықтап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды өндіру үшін сотқа талап арыз беруге көмектесті. Тәртіп сақшылары бейтаныс адамдардың нұсқауымен күмәнді қаржылық операцияларды жасамауға шақырады.
More from @tvalmaty
  1. Oct 10, 2026Мемлекеттік наградалар мен бюджет жобасы талқыланды Елімізде «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен…
  2. Oct 10, 2026182 млн теңгенің алтыны ұлтарақ астына жасырылған – сотқа дейінгі тәркілеу қолданылды Бас…
  3. Oct 10, 2026✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күш…
  4. Oct 10, 2026Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты Президенттің…
  5. Oct 10, 2026Курс валют на 10 октября 2026 года USD / KZT – 453.93 (Доллар США) EUR / KZT – 508.72 (Евр…
  6. Oct 10, 2026Қызылордада жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдады Қызылорда қалалық полиция басқар…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →