Қызылордада жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдады
Қызылорда қалалық полиция басқармасында ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған жас мамандардың қатысуымен салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Жас қызметкерлер сап түзеп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң талаптарын қатаң сақтауға ант берді. Шараға полиция ардагерлері мен басшылық қатысып, жас полицейлерге ақжолтай тілектерін білдірді. Сондай-ақ қызметте көзге түскен бірқатар қызметкерлерге шендер мен арнаулы атақтар табысталды.
Post #43246
15