Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желідегі видеодан кейін шашылған қоқысты өзі тазалады
Абай облысының полицейлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құрылыс жұмыстарынан кейін қоқыстың ретсіз шашылып жатқаны бейнеленген видеоны анықтады. Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, белгіленбеген жерге қоқыс тастаған 27 жастағы жергілікті тұрғынды тапты. Азаматпен абаттандыру қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өз қателігін түсінген қала тұрғыны шашылған қоқысты өздігінен жинап, аумақты толықтай тазалап шықты.
Post #43240
7