Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары сарапталды
Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері Оқушылар сарайында жүзден астам ата-ананың қатысуымен өткен жиынға қатысты. Кездесуде жыл басынан бері кәмелетке толмағандар жасаған 30 қылмыс тіркелгені, оның 13-і жазғы каникул кезеңіне тиесілі екені айтылды. Тәртіп сақшылары жасөспірімдердің интернет арқылы есірткі айналымы мен алаяқтық схемаларға тартылу қаупі жоғары екенін ескертіп, ата-аналарды балалардың бос уақытын мұқият бақылауға шақырды.
Post #43245
59
- ❤ 2