Атырауда кибералаяқтықпен күреске роботтар мен дрондар тартылды
Атырау облысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін заманауи технологияларды қолданып жатыр. Қаланың қоғамдық орындарында дауыс зорайтқышпен жабдықталған арнайы дрон мен робот-полиция көмегімен тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары азаматтарға банк карталарының деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеу керектігін ескертіп, қырағы болуды өтінеді.
Post #43267
29