Атыраулық аға жедел уәкіл «Үздік жедел уәкіл» байқауында көзге түсті
Атырау қалалық полиция басқармасы №2 полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Нұрболат Сағындықов ҚР ІІМ өткізген «Үздік жедел уәкіл» байқауында жоғары кәсіби шеберлік танытып, үздіктер қатарынан көрінді. Ол ішкі істер органдарында алты жылдан бері абыроймен қызмет етіп келеді және бос уақытында спортпен тұрақты айналысып, дене дайындығын шыңдауға ерекше мән береді.
Post #43273
31