Астанада құрылыс нысанынан құрал-саймандар ұрлаған жұмысшы ұсталды
Астана қаласы Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында құрылыс нысанынан құрал-саймандар ұрлады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды. Анықталғандай, аталған нысанда жұмыс істеген ол мүлікті жасырын ұрлап, кейін жұмысқа шықпай кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 700 мың теңгеге жуық, ұрланған заттардың бір бөлігі сатылып үлгерген. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Post #43276
46