Павлодар облысында қылмыстық іздестіру саласының үздік қызметкерлері марапатталды
Павлодар облысының полиция департаментінде Қылмыстық іздестіру бөлімшелерінің құрылғанына 108 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Шара барысында ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуда, заңдылықты қамтамасыз етуде жоғары нәтиже көрсеткен жедел уәкілдер мен сала ардагерлері құрметке бөленді. Бірқатар қызметкерлерге полиция департаментінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды.
Post #43266
69