Павлодар облысының Шарбақты ауданында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды
Павлодар облысы Шарбақты ауданында «Заңсыз келуші – 2026» профилактикалық шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар ұсталды. Шарбақты ауылында тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек еткен көрші мемлекеттің азаматтары мен оларды заңсыз жұмысқа тартқан жергілікті жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция шетелдік жұмыс күшін тарту тек заңды негізде жүзеге асуы тиіс екенін ескертеді.
Post #43270
51