Қарағандылық полицей Эльмира Сыздықова Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкері Эльмира Сыздықова Азия ойындарында 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер күресінен күміс жүлдегер атанды. Спортшы құрлықтың үздік балуандарымен тартысты белдесулер өткізіп, Қазақстан құрамасының қоржынына бағалы жүлде салды. Эльмира Сыздықова полициядағы жауапты қызметі мен кәсіби спортты қатар алып жүріп, жоғары нәтиже көрсетіп келеді.
Post #43269
15