Абай облысында тазалық талаптарын сақтамаған 11 мыңға жуық құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды
Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында полиция қызметкерлері елді мекендердің абаттандырылуын тексеру бойынша тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді. Жыл басынан бері өңірде 2,6 мыңнан астам рейд ұйымдастырылып, нәтижесінде 10 979 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзудың 9 227 фактісі және ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 904 дерегі тіркелген. Құқық бұзушыларды анықтауда бейнебақылау камералары үлкен септігін тигізіп, олардың көмегімен 1 330 ереже бұзу фактісі анықталды. Барлық кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны таза ұстауға және рұқсат етілмеген қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеуге шақырады.
Post #43239
10