Шығыс Қазақстан облысында 50-ден астам жас полицей салтанатты түрде ант қабылдады
Өскемен қаласындағы Республика алаңында гарнизондық саптық жиын өтіп, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің 50-ден астам жас қызметкері ресми түрде ант қабылдады. Шараға жас сақшылардың жақындары, полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков және ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев қатысты. Басшылық пен ардагерлер жастарға офицерлік погонның жауапкершілігін еске салып, қызметтік борышқа адал болуды тіледі. Рәсім аяқталған соң жас қызметкерлер қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша алғашқы кезекшіліктеріне кірісті.
Post #43234
53