TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.93K subscribers
Post #43258 40
Қазақстанның барлық өңірінде «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтуде

19 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық облысында отандық өндірушілерді қолдау және халықты қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп келеді. Алғашқы үш аптада 13 мың тоннадан астам өнім сатылды. Жәрмеңкелер демалыс күндері ұйымдастырылып, жыл бойы тұрақты түрде жалғасады.

Тек осы аптада еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылған жәрмеңкелерде 3,5 мың тонна азық-түлік өнімі ұсынылды. Оның негізгі бөлігін көкөністер мен бақша дақылдары – 1,7 мың тонна, ет және ет өнімдері – 785 тонна, сүт өнімдері – 285 тонна құрайды. Сонымен қатар сауда орындарында құс еті, балық, жеміс-жидек, бакалея өнімдері, ұн, нан, макарон өнімдері және басқа да азық-түлік тауарлары сатылуда.

Отандық фермерлердің өнімдерін тікелей жеткізу және делдалдар санын қысқарту нәтижесінде жәрмеңкелердегі бағалар нарықтағы орташа бағадан шамамен 20%-ға төмен. Сонымен қатар мұндай сауда алаңдары еліміздің әр өңіріндегі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін сатуға, тұтынушылармен тікелей байланыс орнатуға және өңіраралық сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндік береді.

Осы демалыс күндері Астана тұрғындары мен қонақтары Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өндірушілері ұсынған өнімдерді сатып ала алады. Елордаға 600 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Оның ішінде Түркістан облысынан 60 тонна ет және ет өнімдері, 260 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 60 тоннадан астам сүт және сүт өнімдері әкелінді. Ал Батыс Қазақстан облысының өндірушілері 50 тоннаға жуық ет және ет өнімдерін, 80 мың дана жұмыртқа, 11 тонна балық өнімдерін және басқа да ауыл шаруашылығы тауарларын ұсынады.

Елордада осындай жәрмеңкелерді өткізу өңірлік өндірушілер үшін өнім өткізудің қосымша мүмкіндіктерін қалыптастырып, өңіраралық сауда байланыстарын нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар халықтың сапалы отандық өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасайды.
More from @tvalmaty
  1. Oct 10, 2026Досхан Жолжақсынов – 75 жаста Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жом…
  2. Oct 10, 2026Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады Алматы қаласының басш…
  3. Oct 10, 20263,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты Алматыда 10 қазанда «Таза Қазақ…
  4. Oct 10, 2026Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира Казахстан занял 34-е место с…
  5. Oct 10, 2026Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориал…
  6. Oct 10, 2026📢11-14 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгиялықтар Королі Фил…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →