TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.93K subscribers
Post #43259 44
Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады

Алматы қаласының басшылығы тұрғындардың өтінішін жедел қарауға және оларды толғандырған мәселелер бойынша түсініктеме беру үшін азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын жалғастырып келеді.

Осы аптада Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов 20-дан астам қала тұрғынының өтінішін қарады. Көтерілген сауалдар жер қатынасына, құрылысты заңдастыруға, қала құрылысы бақылауына және басқа да салаларға қатысты болды.

Мәселен, тұрғындардың бірі бау-бақшаға арналған жер теліміне тұрғын үй салу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) алу жөнінде көмек сұрады.

Қабылдау кезінде өтініш иесіне жер телімі еңіс бұрышы 15 градустан асатын аумақта орналасқаны түсіндірілді. Қолданыстағы құрылыс қағидаларына сәйкес, тау бөктері белдеуінде, еңіс бұрышы 15 градус және одан жоғары учаскелерде ғимарат салуға рұқсат етілмейді.
More from @tvalmaty
  1. Oct 10, 2026Досхан Жолжақсынов – 75 жаста Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жом…
  2. Oct 10, 2026Қазақстанның барлық өңірінде «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтуде 19 қыркүйекте…
  3. Oct 10, 20263,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты Алматыда 10 қазанда «Таза Қазақ…
  4. Oct 10, 2026Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира Казахстан занял 34-е место с…
  5. Oct 10, 2026Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориал…
  6. Oct 10, 2026📢11-14 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгиялықтар Королі Фил…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →