TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.93K subscribers
Post #43261 35
Досхан Жолжақсынов – 75 жаста

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстанның халық артисі, театр және кино актері, режиссер Досхан Жолжақсыновты 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Мемлекет басшысы құттықтауында өнер иесінің көп жылғы еңбегі мен ұлттық өнердің дамуына қосқан зор үлесіне тоқталған.

«Сіз салиқалы ғұмырыңызды ұлт руханиятын ұлықтауға арнап, үздіксіз шығармашылық ізденістеріңіз арқылы зор жетістікке қол жеткіздіңіз. Дәстүр сабақтастығын сақтап, ізбасар шәкірттеріңізді тәрбиелеп келесіз», – делінген Президент құттықтауында.

Досхан Жолжақсынов шығармашылық жолында ондаған жарқын образ сомдап, көрермен ықыласына бөленді. Ал режиссер ретінде түсірген туындылары отандық кинематографияның дамуына қомақты үлес қосты.

Дархан Сатыбалды мерейтой иесіне зор денсаулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр және шығармашылық табыс тіледі.
More from @tvalmaty
  1. Oct 10, 2026«Қайрат» жеңісті соңғы минуттарда жұлып алды! 🔥 Матчтың соңына дейін күрескен «Қайрат» жа…
  2. Oct 10, 2026Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады Алматы қаласының басш…
  3. Oct 10, 2026Қазақстанның барлық өңірінде «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтуде 19 қыркүйекте…
  4. Oct 10, 20263,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты Алматыда 10 қазанда «Таза Қазақ…
  5. Oct 10, 2026Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира Казахстан занял 34-е место с…
  6. Oct 10, 2026Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориал…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →