3,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Алматыда 10 қазанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Қала аумақтарын тазалау және көгалдандыру жұмыстарына 3 480 адам қатысты. Бұл туралы қаланың Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.
Экологиялық акция қаланың барлық сегіз ауданын қамтыды.
Жұмыс скверлерді, көшелерді, жасыл аймақтар мен жағалау аумағын қоса алғанда, 10 учаскеде жүргізілді.
Сенбілікке қатысушылар Баум тоғайын, «Биокомбинат» және Ратушный скверлерін, Саялы мен Көкшоқы шағынаудандарының аумақтарын, сондай-ақ Қарғалы өзенінің бойындағы және бірқатар қала көшелеріндегі учаскелерді ретке келтірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 506 текше метр қоқыс пен қалдық жиналып, шығарылды. Тазалау жұмыстарына 79 арнайы техника жұмылдырылды.
Post #43255
64


