Семейде ҚАЖД қызметкерлері мен сотталғандар емделуді қажет ететін бала үшін қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды
Абай облысы бойынша ҚАЖ қауіпсіздігі төмен мекемесінің қызметкерлері өмірлік қиын жағдайға тап болған көпбалалы отбасыға көмек қолын созды. Семей қаласының 34 жастағы тұрғыны бес баланы тәрбиелеп отыр, олардың арасындағы егіздердің бірі шетелде шұғыл емделуді қажет етеді. Жағдайды білген мекеме қызметкерлері мен сотталған азаматтар бірлесіп, қаладағы мешіттердің бірінде қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Сотталғандар жәрмеңкеге арнап ыстық тағамдар мен аспаздық өнімдер әзірледі. Шарадан түскен барлық қаражат бүлдіршіннің емделуіне бағытталатын болады.
Post #43236
16