Мемлекеттік наградалар мен бюджет жобасы талқыланды
Елімізде «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу ұсынылды. Бұл бастама Құрылтайдың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында қаралды.
Заң жобасы музыка және бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік деңгейде марапаттауды көздейді.
Сондай-ақ депутаттар 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылады. Денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларына бөлінетін қаржы мәселелері қаралды.
Отырыс барысында депутаттар жауапты министрліктердің өкілдеріне сауалдар қойып, заң жобаларына қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Post #43251
63