Ақтауда бейнебақылау камералары арқылы қоқыс пен темекі тұқылын тастағандар анықталды
Ақтау қаласында "Таза Қазақстан" іс-шарасы аясында бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарды ластаған тұрғындар тіркелді. Мониторинг барысында 9, 32А және 6-шағын аудандарда темекі тұқылын жерге тастаған және абаттандыру ережелерін бұзған біршама азаматтар анықталып, оларға қатысты заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
Post #43113
53