TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.94K subscribers
Post #43122 35
Көлік прокурорлары 10 млрд теңгенің тиімсіз пайдаланылуына жол бермеді
 
Прокурорлық қадағалау шараларымен республикалық автожолдарды жөндеуге бөлінген 9,8 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Жол жобаларын зерделеу барысында «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» автожолын орташа жөндеу кезінде оның жекелеген учаскелері «Ұлғайсын – Сексеуіл» автожолын жоспарланған реконструкциялау жұмыстарымен де қамтылғаны анықталды.

Осыған байланысты прокурорлық ден қою шаралары бойынша жұмыс көлемдері қайта қаралып, нәтижесінде 7,1 млрд теңге үнемделді.

Басқа жағдайда «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы» автожолын күрделі жөндеу кезінде сметада жекелеген материалдар мен жұмыстарға дұрыс емес бағалар көзделген.

Прокуратураның ұсынуы негізінде сметалық құн қайта есептеліп, жоба құны 21,6 млрд теңгеден 18,9 млрд теңгеге дейін төмендетілді.

Жол саласындағы бюджет қаражатының жұмсалуына қадағалау жалғасуда.
More from @tvalmaty
  1. Oct 7, 2026V Азия Пара ойындарына Қазақстан тарапынан 150 спортшы қатысады 18–24 қазан аралығында Жап…
  2. Oct 7, 2026✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорған…
  3. Oct 7, 2026✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы Қорған…
  4. Oct 7, 2026Алматыда №2 перзентхананың жаңа ғимараты салынып жатыр Алматыда №2 перзентхананың жаңа ғим…
  5. Oct 7, 2026За последние семь лет в Казахстане на бесплатное лекарственное обеспечение граждан направл…
  6. Oct 7, 20262026 жылдың 9 айында теміржол арқылыастық тасымалдау көлемі 12%-ға өсті 2026 жылғы қаңтар–…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →