Теміртауда аулаға ескі жиһаз тастаған жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды
Теміртауда бейнебақылау камералары тұрғын үйдің ауласына тұрмыстық қалдық тастаған 25 жастағы жүргізушіні анықтауға көмектесті. Mitsubishi Lancer көлігінің иесі аулаға ескі жиһаз тастағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз қалдық тасуға пайдаланылған автокөлік арнайы айыптұраққа жабылды.
Post #43114
65