Шығыс Қазақстан облысында асфальтқа әдепсіз сурет салған жас жігітке айыппұл салынды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Рассыпное ауылында полицияның мобильді тобы профилактикалық жұмыс барысында 19 жастағы тұрғынды ұстады. Жас жігіт қара түсті аэрозоль бояумен асфальт жабынына әдепсіз сипаттағы сурет пен жазу салып, қоғамдық орынның көркін бұзған. Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Сот шешімімен құқық бұзушыға айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Post #43107
22