Талдықорғанда бейнекамералар арқылы қоғамдық орында ішімдік ішкен жастар ұсталды
Талдықорған қаласында жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп отырған бір топ жасты анықтады. Ақпарат түскен бойда оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері құқық бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік шара қолданды. Полиция өкілдері қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу және өзге де тұрғындарға кедергі келтіретін әрекеттер жасау заңбұзушылық болып табылатынын ескертіп, азаматтарды тәртіп сақтауға шақырды.
Post #43110
33