Алматыда Қайрат Нұртастың концерті кезінде қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде қамтамасыз етілді
Алматы қаласында әнші Қайрат Нұртастың мыңдаған көрермен жинаған ауқымды концерті өтті. Бұқаралық іс-шара кезінде қоғамдық тәртіпті, көрермендердің қауіпсіздігін және жол қозғалысының реттелуін полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қамтамасыз етті. Негізгі күштер концерт өткен аумаққа, іргелес көшелерге және негізгі көлік бағыттарына жұмылдырылып, кез келген оқиғаға жедел ден қою ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары мұндай ірі мәдени шаралар кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі басты басымдық болып қала беретінін атап өтті.
Post #43109
38