«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауының жеңімпаздары анықталды
Алматыда Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылған «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқаулары жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауды Алматы қаласының Білім басқармасы ұйымдастырды.
Байқаулар білім беру ұйымдарында экологиялық мәдениетті дамытуға, балалар мен жастардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, сондай-ақ көгалдандыру және экологиялық тәрбие саласындағы практикалық бастамаларды қолдауға бағытталған.
Post #43097
62