TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.94K subscribers
Post #43099 80
Almaty TV 🇰🇿🇴🇲Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі 🔹Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың елімізге мемлекеттік сапары аясында қазақ-оман бизнес форумы өтті. Жиынға екі елдің жетекші компаниялары мен іскерлік топ өкілдері қатысты. 🔹Қасым-Жомарт Тоқаев…
Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың негізгі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тәжірибесіне егжей-тегжейлі тоқталды

– Энергетика және тау-кен өнеркәсібіндегі көпжылдық табысты серіктестігіміз оң нәтижесін бере бастады. Біз мұны мақтан тұтамыз. Өмірлік маңызы бар осы салаларда әлеуетімізді біріктіру екі елдің игілігіне қызмет ететін бірлескен жаңа кәсіпорындардың пайда болуына септігін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы.

🔹Президент көлік-логистика саласында ынтымақтастық әлеуеті зор екенін айтты.

– Біз Оманды көлік-логистика саласындағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Өйткені, бұл – стратегиялық тұрғыдан ұтымды орналасқан, порт инфрақұрылымы ілгері, Таяу Шығыс пен Африка нарықтарына шығатын жолы бар ел. Ал Қазақстан – табиғи ресурсы мол, өндіріс базасы дамыған, Азия мен Еуропа арасындағы көлік бағдарларында стратегиялық рөл атқаратын әрі көлік байланысын өркендету жөнінде нақты жоспарға ие мемлекет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

🔹Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға үндеді.

– Еліміздің жазиралы даласында ауыл шаруашылығымен айналысуға мол мүмкіндік бар. Сондықтан бүкіл Шығанақ аймағының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сенімді серіктес бола аламыз, – деді Президент.

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында қазіргі уақытта саяси деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске ұластыру және экономикалық байланыстарды қазақ-оман серіктестігінің тірегіне айналдыру басты міндет екенін айтты.

– Қазақстан мен Оман кәсіпкерлерін серіктестік байланыс орнату, келешегі зор жобаларды пысықтау және инвестиция ауқымын кеңейту мақсатында Іскерлік кеңес мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға шақырамын. Іскер топтар белсенді үлес қосса, экономикалық әріптестігіміз жаңа деңгейге көтерілетіні анық, – деді Мемлекет басшысы.

🔹Сондай-ақ форумда АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Oman Investment Authority президенті Абдулсалам бен Мұхаммед Әл-Муршиди сөз сөйледі.
More from @tvalmaty
  1. Oct 7, 2026Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты өсті 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда…
  2. Oct 7, 2026Олжас Бектенов провел заседание Координационного совета по сотрудничеству с международными…
  3. Oct 7, 2026V Азия Пара ойындарына Қазақстан тарапынан 150 спортшы қатысады 18–24 қазан аралығында Жап…
  4. Oct 7, 2026✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорған…
  5. Oct 7, 2026✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы Қорған…
  6. Oct 7, 2026Алматыда №2 перзентхананың жаңа ғимараты салынып жатыр Алматыда №2 перзентхананың жаңа ғим…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →