TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.94K subscribers
Post #43129 55
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты өсті

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық.

2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында өндіріс көлемі 122,3 мың тоннаны құрады.

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріштің ішкі нарықтағы өткізу көлемі 70,5 мың тоннаны құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артты.

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріш экспорты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға өсті. Сыртқы нарықтарға жеткізу көлемі 70,9 мың тоннадан 88,8 мың тоннаға дейін артып, экспорт құны 24,7 млн АҚШ доллары деңгейінде сақталды. Негізгі экспорт бағыттары – Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан.

Күріш экспортының көлемі 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында импорт көлемінен 18 есе жоғары болды. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріш импорты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,7%-ға төмендеді.
More from @tvalmaty
  1. Oct 7, 2026📞 Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті 🇰🇿🇷🇺Қас…
  2. Oct 7, 2026Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдар…
  3. Oct 7, 2026Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады? Адам папилломавирусына…
  4. Oct 7, 2026Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілд…
  5. Oct 7, 2026Педагоги Алматы удостоены государственных и ведомственных наград По случаю Дня учителя тру…
  6. Oct 7, 2026Алматының Наурызбай ауданында жаңа саябақ пен 35 көркейту жобасы жүзеге асырылады Алматыны…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →