Алматының Наурызбай ауданында жаңа саябақ пен 35 көркейту жобасы жүзеге асырылады
Алматының Наурызбай ауданында 2026 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 35 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар қоғамдық кеңістіктер құруды, жүргіншілер аймақтарын көркейтуді, тротуарлар мен сыртқы жарықтандыру жүйесін салуды, аумақтарды көгалдандыруды және автоматты суару жүйелерін орнатуды қамтиды. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Нәзира Тоғызбаева айтты.
Жаңа қоғамдық кеңістіктердің бірі аумағы 1 гектар болатын саябақ. Мұнда 200 ірі көлемді ағаш, 85 қылқан жапырақты ағаш, шамамен 30 мың бұта және 1,5 мың раушан гүлі егілді. Жобада жүргіншілер жолдары, жарықтандыру, автоматты суару жүйесі, субұрқақ, «Отбасы» композициясы, перголалар және балалар ойын алаңы қарастырылған.
Тағы бір қоғамдық кеңістік Тастыбұлақ өзенінің бойында құрылып жатыр. Жүргіншілер аймағының ұзындығы – 1,4 шақырым. Мұнда жүргіншілер жолдары мен тротуарлар салынды, аумақ көгалдандырылып,
Post #43141
42

