TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.94K subscribers
Post #43098 65
🇰🇿🇴🇲Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі
 
🔹Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың елімізге мемлекеттік сапары аясында қазақ-оман бизнес форумы өтті. Жиынға екі елдің жетекші компаниялары мен іскерлік топ өкілдері қатысты.

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде өзара сенім мен түсіністік сипатында өткен жоғары деңгейдегі келіссөздердің ашық, объективті әрі шын мәнінде мазмұнды болғанын айтты.

🔹Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды ілгерілету үшін тиісті келісімшарт-құқық базасы мен институттық негіздерді күшейту қажет екенін алға тартты.

🔹Президент бұл ретте Инвестицияларды көтермелеу туралы келісімнің маңызына тоқталды. Аталған уағдаластық аясында жобаларды іске асыратын инвесторлар анағұрлым түсінікті, ашық әрі сенімді шарттармен қамтамасыз етілген.

🔹Сондай-ақ екі елдің іскерлік топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға айрықша мән берілді.

– Қазақстан-Оман іскерлік кеңесі бизнес өкілдері бір-бірімен белсенді араласатын алаң болатынына сенімдімін, – деді Президент.

🔹Мемлекет басшысының пайымдауынша, тиімді қаржылық тетіктер Қазақстан мен Оманның ортақ мақсаттарын қуаттай түседі.

– Біз «Самұрық-Қазына» АҚ мен Оман инвестициялық басқармасы арасындағы бірлескен инвестициялық құрылымды іске қосу туралы келісімге қол қойылуын құптаймыз. Бұл маңызды бастама қаржылық мүмкіндіктерді біріктіріп, қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз Оманның жақында құрылған Халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты жолға қоюға болады деп санаймыз. Екі ел қаржы институттарының бір-бірімен тікелей байланыс орнатуы инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашады, – деді Президент.
More from @tvalmaty
  1. Oct 8, 2026Көлік министрлігінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетудің жаңа тәсілдері талқыланды…
  2. Oct 8, 2026Алматыда Алатау және Наурызбай аудандарының сумен жабдықтау жүйесі күшейтілді Алматыда бір…
  3. Oct 8, 2026Алматыда қайталама шикізатты жинау мен қайта өңдеуге арналған экоакция өтеді Қайталама шик…
  4. Oct 8, 2026Курс валют на 8 октября 2026 года USD / KZT – 447.14 (Доллар США) EUR / KZT – 509.35 (Евро…
  5. Oct 8, 2026Астанада жүргізуші куәлігі мен нөмірі жоқ мопед айдаған екі жасөспірім анықталды Астанада…
  6. Oct 8, 2026Абай облысында куәлігі жоқ мас жүргізуші трактор басқарғаны үшін 20 тәулікке қамалды Семей…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →