TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.94K subscribers
Post #43167 33
Алматыда қайталама шикізатты жинау мен қайта өңдеуге арналған экоакция өтеді

Қайталама шикізат – қоқыс емес, қайта пайдалануға болатын ресурс. Алматы тұрғындары жексенбі, 11 қазанда пластик қақпақтар мен басқа да қалдықтардың қайта өңдеуге жарамды шикізатқа қалай айналатынын іс жүзінде көре алады. Экологиялық акция Алмалы ауданындағы Lake Town тұрғын үй кешенінің аумағында өтеді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.
Акцияны Алматыда қалдықтарды бөлек жинауды насихаттап, экологиялық білімді арттыру бағытында жұмыс істеп жүрген ECO Network экологиялық қауымдастығы ұйымдастырады.

Қатысушылар үшін мобильді экологиялық алаң жұмыс істейді. Мұнда алдын ала сұрыпталған қайталама шикізат қабылданып, түрлі интерактивті іс-шаралар ұйымдастырылады. Көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған құрылғылардың бірі велошреддер. Оның көмегімен кез келген адам пластик қақпақтарды өзі ұсақтап, оларды қайта өңдеу үдерісінің бір кезеңін көре алады.

Акция аясында пластик қақпақтар мен бөтелкелер, макулатура, пакеттер және басқа да полиэтилен бұйымдары, шыны банкалар мен бөтелкелер, батарейкалар, электр шамдары және алюминий банкалар қабылданады.

Қалдықтарды бөлек жинау қарапайым әдеттен басталады. Ол үшін қалдықтарды дұрыс сұрыптап, қайта өңдеуге тапсыру жеткілікті.

Ұйымдастырушылар қайта өңдеуге тапсырылатын барлық шикізат таза әрі құрғақ болуы керектігін еске салады.
More from @tvalmaty
  1. Oct 8, 2026Көлік министрлігінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетудің жаңа тәсілдері талқыланды…
  2. Oct 8, 2026Алматыда Алатау және Наурызбай аудандарының сумен жабдықтау жүйесі күшейтілді Алматыда бір…
  3. Oct 8, 2026Курс валют на 8 октября 2026 года USD / KZT – 447.14 (Доллар США) EUR / KZT – 509.35 (Евро…
  4. Oct 8, 2026Астанада жүргізуші куәлігі мен нөмірі жоқ мопед айдаған екі жасөспірім анықталды Астанада…
  5. Oct 8, 2026Абай облысында куәлігі жоқ мас жүргізуші трактор басқарғаны үшін 20 тәулікке қамалды Семей…
  6. Oct 8, 2026Талдықорғанда есірткілік мас күйде көлік айдаған жүргізуші 7 жылға куәліктен айырылды Талд…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →