Өскеменде "Таза Қазақстан" акциясы аясында қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды
Өскемен қаласында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен қоғамдық орындарды ластап, тәртіп бұзған бірнеше тұрғынды анықтады. Виноградов көшесіндегі үйдің ауласында ішімдік ішкен 20 және 21 жастағы үш қыз, сондай-ақ 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде темекі тұқылдарын жерге тастап, ауланы ластаған 19 жастағы екі жігіт тіркелді. Құқық бұзушылардың барлығына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті жауапкершілікке тартылды.
Post #43065
66